• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-4/631

209 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 9 шілде, Астана қаласы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қаржы министрі Ұлттық экономика министрі _____________ Ә. Исекешев _____________ Б. Сұлтанов _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 21 шілде 2015 жылғы 26 тамыз 2015 жылғы 21 тамыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 1-қосымша Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары № 1 есептілік нысаны Шикізат бойынша мәліметтер БСН Биоотын өндiрушiнiң атауы Есептi кезең ____ жыл ___ ай Құжатты тiркеудің кiрiс нөмiрi (күні, айы, жылы) № ЕАЭО СЭҚ ТН кодына сәйкес шикiзат түрi он сандық белгiде Есептi кезеңнiң басындағы қал-дық, тонна Шикiзаттың келiп түскенi, тонна Био-отын өндiрi-сiнде пайда-ланылған өзi өсiрген тамақ шикiзаты Тамақ шикiза-тын жеткiзушiнiң атауы, орна-ласқан жерi (облыс, аудан) Тамақ шикiзатын жеткiзу шарты-ның күнi, нөмiрi Қатыстырыл-ған қалдықтар, тонна Қайта өңделген шикi-зат, тонна Шикiзаттың бүлiн-генi, жоғал-ғаны, тонна Нормалар шегiн-дегi шығасы, тонна Есептi кезең-нiң соңындағы қал-дық, тонна 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Жиыны Ескертпе: нысанда есептi кезеңде сатылған шикізаттың бүкіл көлемі көрсетiледi. «БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) көрсетiледi. «Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы мәлiметтердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi. «Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi. 1-бағанда реті бойынша нөмiрi көрсетiледi. 2-бағанда шикiзат түрi Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес он белгiмен көрсетiледi. Бидай үшiн жақшаның iшiнде бидайдың сыныбы, нөмiрi және осы бидай партиясына сәйкестiктi растау саласындағы құжаттың нөмiрi көрсетіледі. 3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы шикiзаттың барлық қалдығы тоннамен көрсетiледi. 4-бағанда келіп түскен шикiзат тоннамен көрсетiледi. 5-бағанда биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген азық-түлік шикiзатының, егер оны өсiру көзделген болса, саны көрсетiледi. 6-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) көрсетіледі. 7-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi көрсетiледi. 8-бағанда қатыстырылған қалдықтар тоннамен көрсетiледi. 9-бағанда қайта өңделген шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi. 10-бағанда бүлiнген, жоғалған шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi. 11-бағанда нормалар шегiндегi шығастардың саны тоннамен көрсетiледi. 12-бағанда есептi кезеңнiң соңындағы барлық қалдығы тоннамен (4-баған + 8-баған - 9-баған - 10-баған - 11-баған) көрсетiледi. № 2 есептілік нысаны Биоотын өндiрiсi бойынша есеп БСН Биоотын өндiрушiнiң атауы Есептi кезең ____ жыл ___ ай Құжатты тiркеудің кiрiс нөмiрi (күні, айы, жылы) № Биоотынның ДСН-коды Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, литр Өңдiрiлген, литр Өндiрушiнiң сатқаны, тонна Бүлiнгенi, жоғалғаны, литр Нормалар шегiндегi шағысы, литр Өнiмдi қайтару, литр Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық, литр Барлығы Биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға мұнай өнiмдерiн компаун-дирлеуге өзінің өндiрiстiк мұқтаждық-тарына пайдала-нылған экспортқа 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Жиыны Ескертпе: нысанда есептi кезеңде өндiрiлген биоотынның бүкіл көлемi көрсетiледi. «БСН» деген жолда биоотын өндірушінің БСН көрсетiледi. «Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы есептi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi. «Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi. 1-бағанда ретi бойынша нөмiрі көрсетiледi. 2-бағанда биоотынның дербес сәйкестендiрiлген нөмiр-коды (бұдан әрі - ДСН-коды) көрсетiледi. 3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы өндірушідегі биоотынның жалпы қалдығы литрмен көрсетiледi. 4-бағанда өндiрiлген биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi, 5-бағанда сатылған биоотынның жалпы мөлшері литрмен (5-баған = 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетiледi. 6-бағанда биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға сатылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi. 7-бағанда мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге сатылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi. 8-бағанда өзінің өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi. 9-бағанда экспортқа сатылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi. 10-бағанда өндiрушi бүлдірген, жоғалтқан биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi. 11-бағанда нормалар шегiндегi шығастардың мөлшері литрмен көрсетiледi. 12-бағанда өндiрушiге қайтарылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi. 13-бағанда өндiрушiде есептi кезеңнiң соңындағы биоотынның жалпы қалдығы литрмен (13-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 11-баған + 12-баған) көрсетiледi. № 3 есептiлiк нысаны Биоотын жеткiзушi туралы мәлiметтер БСН Биоотын өндiрушiнiң атауы Есептi кезең ____ жыл ___ ай Құжатты тiркеудің кiрiс нөмiрi (күні, айы, жылы) № Жеткiзу түрi Жеткiзу мақсаты Жеткiзушi туралы мәлiмет Жеткiзілген өнiм көлемi, литр БСК Өнiмнiң түрi ЕАЭО СЭҚ ТН коды ТД № ТД күнi ЖСН/БСН атауы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Жиыны: Ескертпе: осы нысан есептi айда басқа жеткiзушiлерден биоотынның кiрiсi, оның iшiнде бұрын сатылған биоотынның қайтарылымы болған жағдайда толтырылады. «БСН» деген жолда биоотын өндірушінің БСН көрсетiледi. «Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы қосымшаны ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi. «Есептi кезең» деген жолда биоотын өндiрушi осы қосымшаны ұсынатын есептi кезең көрсетiледi. 1-бағанда жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi. 2-бағанда өнiмдi жеткiзудiң түрi (импорт, iшкi нарықтың жеткiзулерi) көрсетiледi. 3-бағанда биоотынды жеткiзудiң мақсаты (биоотынның басқа түрлерiне қайта өңдеу үшiн, техникалық қажеттiлiктер үшiн, бұрын жеткiзiлген өнiмдi қайтару және өзге де мақсаттар) көрсетiледi. 4-бағанда өнiмдi жеткiзушiнiң жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)/БСН-i көрсетiледi. 5-бағанда биоотынды жеткiзушiнiң атауы көрсетiледi. 6-бағанда есептi кезеңнiң iшiнде жеткiзушi жеткізген импорттық та, iшкi өндiрiстің де биоотынының көлемi литрмен көрсетiледi. 7-бағанда бюджеттiк сыныптама коды көрсетiледi. 8-бағанда тиелген биоотынның түрi көрсетiледi. 9-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасынан өткен кезде тауарға берiлетiн ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетiледi. Баған жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады. 10-бағанда әкелінетін биоотынға тауарлар декларациясының (бұдан әрі - ТД) нөмiрi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады. 11-бағанда әкеленетін биоотын ТД ресiмделген күнi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 2-қосымша Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) ұсыну тәртібін айқындайды. 2. Биоотын өндірушілер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен № 1, 2, 3 есептілік нысандарын ұсынады. 3. Ұсынылған есептердің мониторингі нәтижесі бойынша биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат ұсынады. 2. Биоотын өндірісі бойынша есептерді ұсыну қағидалары 4. Есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Осы Қағидаларға сәйкес биоотын өндіруші ұсынатын есептерге биоотын өндірушінің басшысы, бас бухгалтері қол қояды және биоотын өндірушінің мөрімен бекітіледі. 6. Құжаттар пошта арқылы, не биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне қолма-қол енгізіледі. 7. Биоотын өндірісі бойынша есептер биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін ұсынылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12107 болып енгізілді.